Narikbi LIVE
Қазақстан жастарының рухани, интеллектуалды дамуына үлес қосып, өмірдің құндылықтарын айқындауға көмектесетін подкаст. Жетістікке жеткен адамдардың лайфхактарын тыңдап, бірге өс! ”Өзіңе сен, өзіңді алып шығар ақылың мен қайратың екі жақтап”!
Қазақстан жастарының рухани, интеллектуалды дамуына үлес қосып, өмірдің құндылықтарын айқындауға көмектесетін подкаст. Жетістікке жеткен адамдардың лайфхактарын тыңдап, бірге өс! ”Өзіңе сен, өзіңді алып шығар ақылың мен қайратың екі жақтап”!
Episodes

Monday May 11, 2020
Асылзат Мулкибаева: Мидың мүмкіндіктері шексіз
Monday May 11, 2020
Monday May 11, 2020
Бүгінгі подкасттың қонағы Inteli.kz ми дағдыларын орталығының жетекшісі және тренер - Асылзат Мулкибаева. Inteli орталығы сіздің тиімділігіңізді арттыратын көптеген курстар ұсынады: жылдам оқу, супер-жады, интеллект карталары, эффективті оқу, т.б. Асылзат Қазақстанда атақты Тони Бьюзанның үш пәні бойынша лицензиясы бар жалғыз жаттықтырушы (TLI in Mind Mapping, TLI in Speed Reading and TLI in Memory)
Бұл эпизодта біз қозғаған тақырыптар:
- Ми мен жадыны дамыту жолдары
- Кітапты жылдам оқу техникалары
- Үздіксіз білім алу
- Тренинг және коучинг
- Рухани даму
Тайм-кодтар:
00:30 Асылзат Мулкибаева кім?
01:30 Коучингқа келу
03:00 Тони Бьюзан кім?
08:30 Мидың ерекшеліктері қандай?
11:30 Ұмытшақ адамдарға кеңес
15:30 Ми және тамақ
20:00 Ми және нан
23:30 Жылдам оқу деген не?
30:00 Жылдамдық арттыру жолдары
35:00 Оқушылар мен студенттерге жылдам оқу керек пе?
45:00 Қандай тренингке бару қажет?
57:00 Фокусты қалай арттыра аламыз?
01:02:20 Жеке даму кітаптар тізімі
01:10:00 Асылзат Исламға қалай келді?
01:23:00 Рухани даму жолдары
01:28:00 Сүйікті аяттар мен хадистер
01:33:00 Асылзаттың тыңдарманға тілегі

Monday May 04, 2020
Қуат Болатов: Саяхатты дұрыс жоспарлау қажет
Monday May 04, 2020
Monday May 04, 2020
Бүгінгі эпизодтың қонағы белгілі трэвел-блогер және эколог - Қуат Болатов.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Қуат велосипедпен Еуропаның 7 мемлекетін, Ұлыбритания, Шотландия, Ирландияны толық саяхаттап шыққан. Одан
бөлек көптеген деректі фильмдердің авторы. Қазіргі күні Қуат Wageningen университетінде магистратура оқып жатыр.
Бұл эпизодта біз қозғаған тақырыптар:
- Әлемдік ТОП университетке түсу
- Экология
- Вело-трип
- Арзан саяхаттау жолдары
- Нидерланды елінде өмір сүрі және т.б.
Қуаттың инстаграмы - https://www.instagram.com/kuat_bolatov/
Деректі фильмдер:
- Kazakh people in the UK - https://www.youtube.com/watch?v=27SNfRsYYRc
- Казахстанцы в Китае - https://www.youtube.com/watch?v=nWnZtr45aBo
Тайм-кодтар:
01:00 Экологияға келу
04:20 Американың әсері
06:00 Wageningen университетіне түсу
08:00 Ағылшынды оқу процессі
11:00 Cтепендия ұту
13:40 Топ университеттің ерекшеліктері
17:30 Ағылшын үйренудегі кеңестер
20:00 Саяхаттау қалай басталды?
23:20 Велосипедпен Еуропаны шаршау
35:00 Арзан саяхаттау жолдары
40:00 Деректі фильм шығу тарихы
48:30 Нидерланды мемлекетіндегі өмір
51:30 Голланд тілі қиын ба?
53:00 Қуаттың тыңдарманға тілегі

Monday Apr 27, 2020
Марфуға Шапиян: Әйел адамының қоғамдағы мәртебесін қайта көтеру қажет
Monday Apr 27, 2020
Monday Apr 27, 2020
Марфуға Шапиян - кәсіби журналист-блогер-саяхатшы. Көбімізге танымал "Аңыз адам" журналында 7 жыл қызмет еткен. Islam.kz сайтының редакторлық қызметін атқарған. Саммари кітаптардың авторы. Сүйікті жар мен аяулы ана.
Эпизод барысында біз келесі тақырыптарды қозғадық:
- Журналистикада тәжірибе алу
- "Аңыз адамның" кейіпкерлері
- Діни білім алу жолдары
- Рамазандағы лайфхактар
- Балаларға кітапты қалай үйретеміз?
- Қазақстанды саяхаттау
Тайм-кодтар:
02:45 Журналистикаға келу
07:00 "Аңыз адам" журналы қалай басталды?
15:30 Лев Толстойды тану
25:30 Толстойды мұсылман болды ма?
32:00 Қоғамдағы әйел адамының бүгінгі проблемалары
36:00 Марфуға Исламға қалай келді?
44:00 Дінге келген қыздарға кеңестер
48:00 Діни білімді қайдан аламыз?
54:00 Қазақ неге орамалға қарсы?
01:04:00 Рамазанды қалай өткізу керек?
01:07:00 Рамазандағы лайфхактар
01:11:00 Кітапқа құмарлық қайдан келді?
01:18:00 Балаларды кітапқа қалай баулимыз?
01:23:00 Марфуға оқитын кітаптар
01:33:00 Саммари кітаптарды неге оқу керек?
01:39:00 Саяхаттағы алғашқы қадамдар
01:50:00 Қазақстанда көруге міндетті жерлер
01:54:00 Марфуғаның тілегі

Monday Apr 20, 2020
Өркен Кенжебек, 2 бөлім: Қазақ саяхатқа құндылық ретінде қарамайды
Monday Apr 20, 2020
Monday Apr 20, 2020
Саяхаттау қымбат па? Рухани қалай дамуымыз керек?
Бүгінгі подкаст қонағы журналист-блогер-саяхатшы - Өркен Кенжебек.
Өркен программистқа оқып жүріп, оқуды тастаған. Бір жылда 23 жерде жұмыс ауыстырған. 13 жыл журналистика саласында еңбек етіп жүр. 10 жылдан бері елге танымал қазақ тілді блогер. 40 астам елде саяхаттаған.
Подкасттың екінші бөлімінде біз келесі сұрақтарға жауап іздедік:
- Біз не үшін саяхаттауымыз қажет?
- Елдегі ішкі туризм проблемалары
- Саяхатқа көзқарасты қалай өзгерту керек?
- Рухани даму жолдары
- "Қазақи идеямыз" қандай?
Тайм-кодтар:
00:30 Саяхаттау қалай басталды?
05:00 Мұхтар Әуезов тұңғыш трэвел блогер
07:30 Қазақ неге саяхаттамайды?
13:30 Туризм проблемалары
17:30 Ауылдық туризмды дамыту
20:00 Саяхаттау қымбат па?
23:00 Ерекше әсер еткен сапар
26:00 Саяхаттау үшін тіл білу қажет пе?
30:00 Өркен қалай дінге келді?
34:00 Исламға келген адамға кеңес
39:00 "Қазақи идеямыз" бар ма?
45:30 Рухани дамудың жолдары
49:00 Стивен Кови діндар адам
52:00 Өркеннен тыңдарманға кеңес

Monday Apr 13, 2020
Monday Apr 13, 2020
Программист журналист бола ала ма? Ал блогер ше?
Бүгінгі подкаст қонағы журналист-блогер-саяхатшы - Өркен Кенжебек.
Өркен программист оқуын оқып, аяқтамай жарты жолда тастаған. Бір жылда 23 рет жұмыс ауыстырған.
13 жыл бойы журналистика саласында еңбек етіп жүр. 10 жылдан бері елге танымал қазақ тілді блогер. 40 астам елге саяхаттаған.
Подкасттың бірінші бөлімінде біз мына сұрақтарға жауап іздедік:
- Мамандықты қалай дұрыс таңдау керек?
- Қазақ журналистикасының жағдайы қандай?
- Блогерлік мамандық па?
- Әлеуметтік желіде этика бар ма?
- Өзіңді дамыту жолдары және т.б.
Тайм-кодтар:
00:30 Өркен Кенжебек кім?
01:30 Программисттің журналист болуы
04:30 Өз мамандығыңды қалай табуға болады?
11:00 Бірінші жұмысқа тұру
17:30 Қазақ журналистикасы орыс журналистикасынан артта қалған
28:00 Журналистке цензура бөгет емес
32:15 Қазақи сторителлинг
34:40 Үлгілі журналисттер
37:40 Блоггинқа келу
43:00 Байтұрсынов сияқты жауапкершілікті сезінуі
47:15 Оқырманды тәрбиелеуге бола ма?
50:00 Интернеттегі цензура
56:30 ЛГБТ пропаганда және Польша
01:02:30 Букмекер мен ломбарт жарнамасын заңдастыру
01:09:00 Қазақ тілді блог тақырыптары
01:11:45 Сүйікті блогерлер
01:13:00 Бастаушы блогерге кеңес

Monday Apr 06, 2020
Асхат Ахметжанов: Кез келген адам программист бола алады
Monday Apr 06, 2020
Monday Apr 06, 2020
"Силикон алқабы" (Silicon Valley) - жоғары технологиялар индустриясының қайнар көзі. Apple, Microsoft, Facebook, Netflix, Uber, т.б. компаниялары осы жерде басталған. Асхат Ахмехжанов - Екібастұз мектебінен шығып, қазір "Силикон алқабында" жұмыс істейтін қазақ азамат. Facebook компаниясында 4 жыл программист болған. Бүгінгі күні Snapchat компаниясында жұмыс істейді.
Бұл подкастта біз келесі тақырыптарды қозғадық:
1. Facebook-та жұмыс істеу
2. Silicon Valley
3. Snapchat
4. Америкадағы өмір
"Программист қалай бола аламын?" деген сұраққа нақты нұсқаулармен жауап беруге тырыстық. Enjoy
Тайм-кодтар:00:15 Асхат Ахметжанов кім?
01:00 Неге Facebook?
03:00 Interview process
08:30 Facebook жұмыс істеу қалай әсер етті?
11:30 Жұмыстан қуылу оңай ма?
13:30 Netflix ең қатал компания
16:30 Қазақстанда vs Facebook-та жұмыс істеу
19:00 Қай командада жұмыс істеді?
21:00 Америкадағы Work/Life balance
26:00 Цукербергпен кездесу
30:00 Басшының мықты қасиеттері
34:00 Cambridge Analytica скандалы
40:00 Қанша қазақ істейді?
42:00 Стартаптағы жұмыс қандай?
45:30 Silicon Valley деген не?
48:00 Өмір сүру қаншалықты қымбат?
53:00 Неге стартап көп?
56:00 Silicon Valley сериалы жайлы
58:00 Мектептегі гуниматарийден программист болу
01:04:00 Snapchat-тағы жұмыс
01:17:00 Америкада Қазақстанға ұқсайтын қалалар
01:21:00 Жастар неге Америкаға көшіп жатыр?
01:23:00 Қазақстанға қайту жоспарда бар ма?
01:26:00 $2000 тұратын бала бақша?!
01:28:30 Кез келген адам программист бола алады!

Monday Mar 30, 2020
Руслан Меделбек: Жастар уақыттың қайда кетіп жатқанын білмейді
Monday Mar 30, 2020
Monday Mar 30, 2020
Руслан Меделбек - "Азаттық Радиосының" Прага қаласындағы журналисті.
10 жыл халықаралық журналистика саласында жұмыс істейді. Өз бетімен ағылшын тілін жетік меңгерген. ҚазҰУ және SDU журналистика оқытушысы. Сочи, Рио және Пхёнчхан олимпиада ойындарында журналист болған.
Бұл шығарылымның өзекті тақырыптары:
1. Ағылшын тілін үйрену
2. Қазақ журналистикасы
3. Чехия елінде өмір сүру
4. "Азаттық Радиосында" жұмыс істеу
Әрбір тақырыпты терең талқылауға тырыстық. Өзіңізге қызық деген бөліктерді тыңдау үшін тайм-кодтар бар.
Подкастқа пікір қалдыруды ұмытпаңыз.
Тайм-кодтар:
00:25 Руслан Меделбек кім?
01:45 IELTS-тан қалай жоғары балл алуға болады?
16:15 Ағылшын курстарына жазылу керек па?
24:30 Қазақстан ағылшынды "3"-ке біледі
27:00 Неге мектепте ағылшын оқи алмаймыз?
35:00 Тіл білуге экономиканың әсері
39:00 Руслан журналистикаға қалай келді?
44:45 Сторителлинг деген не?
53:30 Қазақи сторителлинг
01:01:00 Жастар неге журналистикаға баруы керек?
01:05:45 Журналист болу үшін университетке түсу қажет пе?
01:10:30 Қазақ тілді тәуелсіз журналистика жоқ!
01:15:30 Қандай қазақ журналисттерін оқу керек?
01:18:45 BBC, Al Jazeera, CNN
01:22:00 Тәуелсіз журналистика проблемалары
01:24:00 Чехия жұмыс мигранттары көп па?
01:31:30 Шығыс Еуропа национализмі
01:38:30 "Азаттық Радиосындағы" жұмыс
01:45:00 Русланның тыңдарманға кеңесі

Monday Mar 23, 2020
Мағжан Қайранбай: Комфорт зонасынан шыққанда ғана өмірде өзгеріс болады
Monday Mar 23, 2020
Monday Mar 23, 2020
Machine Learning (ML) - қазіргі заманның басты трендтерінің бірі, тұжырымдарға сүйене отырып қолданатын алгоритмдер мен статистикалық модельдерді ғылыми зерттеу технологиялары. Мысал ретінде жасанды интеллектті (artificial intelligence) айтсақ болады.
Бүгінгі шығарылымның қонағы - Малайзияда жасанды интеллект саласында еңбек етіп, MultiMedia университетінде докторантурада білім алып жүрген Мағжан Қайранбай.
Мағжанмен бірнеше пайдалы тақырыптарды сөз еттік:
1. Қазақстан мен Малайзия білім жүйелерінің айырмашылықтары
2. Machine learning
3. IT компанияға жұмысқа орналасу
4. Малайзиядағы өмір
5. Жеке даму
Эпизод жасанды интеллект, бағдарламау, ІТ саласы жайлы пайдалы ақпаратқа толы. Өзіңізді осы салада шыңдағыңыз келсе, тұлға ретінде дамып шетелдегі өмір жайлы білгіңіз келсе тыңдауға шақырамыз!Тайм-кодтар:
0:00:25 Мағжан Қайранбай кім?
0:01:40 Малайзиялық білім беру жүйесінің ерекшеліктері
0:08:00 Магистратура, PhD түрлері
0:12:30 Жас кезінде оқуға барған дұрыс па?
0:18:30 500 хат жазу
0:29:30 Machine Learning (ML) деген не?
0:34:00 ML қалай үйренуге болады?
0:41:00 ML саласында ғылыми мақала керек пе?
0:43:00 Математиканы қандай деңгейде білу керек?
0:48:00 Жұмысқа тұру процесі жайлы
0:53:30 Мағжан жұмыс істейтін компания
0:58:00 Қазақстан неге ML қолданбай жатыр?
1:06:00 Machine Learning трендтері
1:12:00 Малайзиядағы өмір ерекшеліктері
1:16:00 Малайлық дискриминация
1:22:00 Жеке дамудағы challange-дер
1:27:00 100 адаммен танысу
1:31:00 Ғылыми тәсілді өмірде қолдану
1:35:30 Мағжанның тыңдарманға тілегі

Thursday Mar 12, 2020
Данияр Жігітбек: Маңызды істер шұғыл болмайды, шұғыл істер маңызды болмайды
Thursday Mar 12, 2020
Thursday Mar 12, 2020
Жапонның "кайдзен" философиясында "Маңызды істер шұғыл болмайды, шұғыл істер маңызды болмайды" деген түсінік бар екен. Бұл жайлы бізге кайдзен-кеңесші, копирайтер, "Лайфхактар" кітабының авторы Данияр Жігітбек айтты. Алғашқы шығарылымда жастар үшін өзекті 4 тақырып қозғалды:
1. Кайдзен (үздіксіз даму)
2. Кітап оқу & жазу
3. Дін
4. Отбасылық өмір
Өмірін мәнді өткізгісі келетін, уақытын тиімді пайдаланып, жетістікке жеткісі келетін жандарға пайдалы ақпараттар бар. Әр тыңдарман өзіне керегін алады деген ойдамыз.
Тыңдайық!
Тайм-кодтар:
00:45 Кайдзенді зерттеу қалай басталды?
03:20 Кайдзеннің басты мақсаты мен қағидалары
06:30 Бұл техникаларды қалай өмірде қолдануға болады?
10:00 Тиімді жоспарлау техникалары
17:00 Мақсатты қалай дұрыс қоямыз?
24:30 Кайдзенді өзіміз үйрене аламыз ба?
26:30 Кітаппен қалай достастым
31:15 Жылдам оқу (скорочтение) үйрену керек па?
35:20 Reading club туралы
38:30 Соңғы әсер еткен кітаптар
48:50 Қазақстандың авторлардың кітаптары
50:30 26 жаста кітап жазу
1:01:20 "Лайфхактар" кітабы жайлы пікірлер
1:06:30 Діни практика қалай басталды?
1:13:20 Исламға саналы түнде келу
1:16:30 Құранды түпнұсқада оқу қиын ба?
1:22:00 Қажылықтан кейінгі өмір
1:26:00 Дінге енді келген адамға кеңес
1:30:45 Сын тұрғысынан ойлау (критическое мышление) не үшін қажет?
1:34:00 Қандай ұстаздарды тыңдау керек?
1:39:00 Мен қалай үйлендім
1:41:20 Жастар неге ажырасады?
1:50:00 Бала тәрбиесіне көзқарас
1:55:30 Отбасылық лайфхактар
1:59:00 Даниярдан соңындағы тілегі


