Narikbi LIVE
Қазақстан жастарының рухани, интеллектуалды дамуына үлес қосып, өмірдің құндылықтарын айқындауға көмектесетін подкаст. Жетістікке жеткен адамдардың лайфхактарын тыңдап, бірге өс! ”Өзіңе сен, өзіңді алып шығар ақылың мен қайратың екі жақтап”!
Қазақстан жастарының рухани, интеллектуалды дамуына үлес қосып, өмірдің құндылықтарын айқындауға көмектесетін подкаст. Жетістікке жеткен адамдардың лайфхактарын тыңдап, бірге өс! ”Өзіңе сен, өзіңді алып шығар ақылың мен қайратың екі жақтап”!
Episodes

Monday Apr 13, 2020
Monday Apr 13, 2020
Программист журналист бола ала ма? Ал блогер ше?
Бүгінгі подкаст қонағы журналист-блогер-саяхатшы - Өркен Кенжебек.
Өркен программист оқуын оқып, аяқтамай жарты жолда тастаған. Бір жылда 23 рет жұмыс ауыстырған.
13 жыл бойы журналистика саласында еңбек етіп жүр. 10 жылдан бері елге танымал қазақ тілді блогер. 40 астам елге саяхаттаған.
Подкасттың бірінші бөлімінде біз мына сұрақтарға жауап іздедік:
- Мамандықты қалай дұрыс таңдау керек?
- Қазақ журналистикасының жағдайы қандай?
- Блогерлік мамандық па?
- Әлеуметтік желіде этика бар ма?
- Өзіңді дамыту жолдары және т.б.
Тайм-кодтар:
00:30 Өркен Кенжебек кім?
01:30 Программисттің журналист болуы
04:30 Өз мамандығыңды қалай табуға болады?
11:00 Бірінші жұмысқа тұру
17:30 Қазақ журналистикасы орыс журналистикасынан артта қалған
28:00 Журналистке цензура бөгет емес
32:15 Қазақи сторителлинг
34:40 Үлгілі журналисттер
37:40 Блоггинқа келу
43:00 Байтұрсынов сияқты жауапкершілікті сезінуі
47:15 Оқырманды тәрбиелеуге бола ма?
50:00 Интернеттегі цензура
56:30 ЛГБТ пропаганда және Польша
01:02:30 Букмекер мен ломбарт жарнамасын заңдастыру
01:09:00 Қазақ тілді блог тақырыптары
01:11:45 Сүйікті блогерлер
01:13:00 Бастаушы блогерге кеңес

Monday Apr 06, 2020
Асхат Ахметжанов: Кез келген адам программист бола алады
Monday Apr 06, 2020
Monday Apr 06, 2020
"Силикон алқабы" (Silicon Valley) - жоғары технологиялар индустриясының қайнар көзі. Apple, Microsoft, Facebook, Netflix, Uber, т.б. компаниялары осы жерде басталған. Асхат Ахмехжанов - Екібастұз мектебінен шығып, қазір "Силикон алқабында" жұмыс істейтін қазақ азамат. Facebook компаниясында 4 жыл программист болған. Бүгінгі күні Snapchat компаниясында жұмыс істейді.
Бұл подкастта біз келесі тақырыптарды қозғадық:
1. Facebook-та жұмыс істеу
2. Silicon Valley
3. Snapchat
4. Америкадағы өмір
"Программист қалай бола аламын?" деген сұраққа нақты нұсқаулармен жауап беруге тырыстық. Enjoy
Тайм-кодтар:00:15 Асхат Ахметжанов кім?
01:00 Неге Facebook?
03:00 Interview process
08:30 Facebook жұмыс істеу қалай әсер етті?
11:30 Жұмыстан қуылу оңай ма?
13:30 Netflix ең қатал компания
16:30 Қазақстанда vs Facebook-та жұмыс істеу
19:00 Қай командада жұмыс істеді?
21:00 Америкадағы Work/Life balance
26:00 Цукербергпен кездесу
30:00 Басшының мықты қасиеттері
34:00 Cambridge Analytica скандалы
40:00 Қанша қазақ істейді?
42:00 Стартаптағы жұмыс қандай?
45:30 Silicon Valley деген не?
48:00 Өмір сүру қаншалықты қымбат?
53:00 Неге стартап көп?
56:00 Silicon Valley сериалы жайлы
58:00 Мектептегі гуниматарийден программист болу
01:04:00 Snapchat-тағы жұмыс
01:17:00 Америкада Қазақстанға ұқсайтын қалалар
01:21:00 Жастар неге Америкаға көшіп жатыр?
01:23:00 Қазақстанға қайту жоспарда бар ма?
01:26:00 $2000 тұратын бала бақша?!
01:28:30 Кез келген адам программист бола алады!

Monday Mar 30, 2020
Руслан Меделбек: Жастар уақыттың қайда кетіп жатқанын білмейді
Monday Mar 30, 2020
Monday Mar 30, 2020
Руслан Меделбек - "Азаттық Радиосының" Прага қаласындағы журналисті.
10 жыл халықаралық журналистика саласында жұмыс істейді. Өз бетімен ағылшын тілін жетік меңгерген. ҚазҰУ және SDU журналистика оқытушысы. Сочи, Рио және Пхёнчхан олимпиада ойындарында журналист болған.
Бұл шығарылымның өзекті тақырыптары:
1. Ағылшын тілін үйрену
2. Қазақ журналистикасы
3. Чехия елінде өмір сүру
4. "Азаттық Радиосында" жұмыс істеу
Әрбір тақырыпты терең талқылауға тырыстық. Өзіңізге қызық деген бөліктерді тыңдау үшін тайм-кодтар бар.
Подкастқа пікір қалдыруды ұмытпаңыз.
Тайм-кодтар:
00:25 Руслан Меделбек кім?
01:45 IELTS-тан қалай жоғары балл алуға болады?
16:15 Ағылшын курстарына жазылу керек па?
24:30 Қазақстан ағылшынды "3"-ке біледі
27:00 Неге мектепте ағылшын оқи алмаймыз?
35:00 Тіл білуге экономиканың әсері
39:00 Руслан журналистикаға қалай келді?
44:45 Сторителлинг деген не?
53:30 Қазақи сторителлинг
01:01:00 Жастар неге журналистикаға баруы керек?
01:05:45 Журналист болу үшін университетке түсу қажет пе?
01:10:30 Қазақ тілді тәуелсіз журналистика жоқ!
01:15:30 Қандай қазақ журналисттерін оқу керек?
01:18:45 BBC, Al Jazeera, CNN
01:22:00 Тәуелсіз журналистика проблемалары
01:24:00 Чехия жұмыс мигранттары көп па?
01:31:30 Шығыс Еуропа национализмі
01:38:30 "Азаттық Радиосындағы" жұмыс
01:45:00 Русланның тыңдарманға кеңесі

Monday Mar 23, 2020
Мағжан Қайранбай: Комфорт зонасынан шыққанда ғана өмірде өзгеріс болады
Monday Mar 23, 2020
Monday Mar 23, 2020
Machine Learning (ML) - қазіргі заманның басты трендтерінің бірі, тұжырымдарға сүйене отырып қолданатын алгоритмдер мен статистикалық модельдерді ғылыми зерттеу технологиялары. Мысал ретінде жасанды интеллектті (artificial intelligence) айтсақ болады.
Бүгінгі шығарылымның қонағы - Малайзияда жасанды интеллект саласында еңбек етіп, MultiMedia университетінде докторантурада білім алып жүрген Мағжан Қайранбай.
Мағжанмен бірнеше пайдалы тақырыптарды сөз еттік:
1. Қазақстан мен Малайзия білім жүйелерінің айырмашылықтары
2. Machine learning
3. IT компанияға жұмысқа орналасу
4. Малайзиядағы өмір
5. Жеке даму
Эпизод жасанды интеллект, бағдарламау, ІТ саласы жайлы пайдалы ақпаратқа толы. Өзіңізді осы салада шыңдағыңыз келсе, тұлға ретінде дамып шетелдегі өмір жайлы білгіңіз келсе тыңдауға шақырамыз!Тайм-кодтар:
0:00:25 Мағжан Қайранбай кім?
0:01:40 Малайзиялық білім беру жүйесінің ерекшеліктері
0:08:00 Магистратура, PhD түрлері
0:12:30 Жас кезінде оқуға барған дұрыс па?
0:18:30 500 хат жазу
0:29:30 Machine Learning (ML) деген не?
0:34:00 ML қалай үйренуге болады?
0:41:00 ML саласында ғылыми мақала керек пе?
0:43:00 Математиканы қандай деңгейде білу керек?
0:48:00 Жұмысқа тұру процесі жайлы
0:53:30 Мағжан жұмыс істейтін компания
0:58:00 Қазақстан неге ML қолданбай жатыр?
1:06:00 Machine Learning трендтері
1:12:00 Малайзиядағы өмір ерекшеліктері
1:16:00 Малайлық дискриминация
1:22:00 Жеке дамудағы challange-дер
1:27:00 100 адаммен танысу
1:31:00 Ғылыми тәсілді өмірде қолдану
1:35:30 Мағжанның тыңдарманға тілегі

Thursday Mar 12, 2020
Данияр Жігітбек: Маңызды істер шұғыл болмайды, шұғыл істер маңызды болмайды
Thursday Mar 12, 2020
Thursday Mar 12, 2020
Жапонның "кайдзен" философиясында "Маңызды істер шұғыл болмайды, шұғыл істер маңызды болмайды" деген түсінік бар екен. Бұл жайлы бізге кайдзен-кеңесші, копирайтер, "Лайфхактар" кітабының авторы Данияр Жігітбек айтты. Алғашқы шығарылымда жастар үшін өзекті 4 тақырып қозғалды:
1. Кайдзен (үздіксіз даму)
2. Кітап оқу & жазу
3. Дін
4. Отбасылық өмір
Өмірін мәнді өткізгісі келетін, уақытын тиімді пайдаланып, жетістікке жеткісі келетін жандарға пайдалы ақпараттар бар. Әр тыңдарман өзіне керегін алады деген ойдамыз.
Тыңдайық!
Тайм-кодтар:
00:45 Кайдзенді зерттеу қалай басталды?
03:20 Кайдзеннің басты мақсаты мен қағидалары
06:30 Бұл техникаларды қалай өмірде қолдануға болады?
10:00 Тиімді жоспарлау техникалары
17:00 Мақсатты қалай дұрыс қоямыз?
24:30 Кайдзенді өзіміз үйрене аламыз ба?
26:30 Кітаппен қалай достастым
31:15 Жылдам оқу (скорочтение) үйрену керек па?
35:20 Reading club туралы
38:30 Соңғы әсер еткен кітаптар
48:50 Қазақстандың авторлардың кітаптары
50:30 26 жаста кітап жазу
1:01:20 "Лайфхактар" кітабы жайлы пікірлер
1:06:30 Діни практика қалай басталды?
1:13:20 Исламға саналы түнде келу
1:16:30 Құранды түпнұсқада оқу қиын ба?
1:22:00 Қажылықтан кейінгі өмір
1:26:00 Дінге енді келген адамға кеңес
1:30:45 Сын тұрғысынан ойлау (критическое мышление) не үшін қажет?
1:34:00 Қандай ұстаздарды тыңдау керек?
1:39:00 Мен қалай үйлендім
1:41:20 Жастар неге ажырасады?
1:50:00 Бала тәрбиесіне көзқарас
1:55:30 Отбасылық лайфхактар
1:59:00 Даниярдан соңындағы тілегі


