Narikbi LIVE
Қазақстан жастарының рухани, интеллектуалды дамуына үлес қосып, өмірдің құндылықтарын айқындауға көмектесетін подкаст. Жетістікке жеткен адамдардың лайфхактарын тыңдап, бірге өс! ”Өзіңе сен, өзіңді алып шығар ақылың мен қайратың екі жақтап”!
Қазақстан жастарының рухани, интеллектуалды дамуына үлес қосып, өмірдің құндылықтарын айқындауға көмектесетін подкаст. Жетістікке жеткен адамдардың лайфхактарын тыңдап, бірге өс! ”Өзіңе сен, өзіңді алып шығар ақылың мен қайратың екі жақтап”!
Episodes

Thursday Feb 26, 2026
Назгүл Қожабек: қазақ тілінің проблемасы - орыс тілін білмеуіміз / Narikbi LIVE #134
Thursday Feb 26, 2026
Thursday Feb 26, 2026
Бүгінгі подкастымыздың қонағы — филолог, аудармашы, тіл жанашыры және танымал «Калькасыз қазақша» телеграм арнасының авторы Назгүл Қожабек.
Назгүл ханым — тілі ащы, көзі қырағы редактор. Ол әлеуметтік желілердегі грамматикалық және стилистикалық қателерді атын атамай-ақ дәл тауып, жұртқа көрсете біледі. Бұл шығарылымда біз балалардың тілдік контент тұтынуы, медиадағы қазақ тілінің салмағы, аударма сапасы мен күнделікті сөйлеуде жіберетін қателіктеріміз туралы ашық әрі пайдалы әңгіме өрбіттік.
«Туылған күніңмен» бе, әлде «Туған күніңмен» бе? Неге біз қазақша сөйлегенде асығамыз? Қалай өз тілімізде сауатты әрі сенімді сөйлей аламыз? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын видеодан көре аласыздар!
Калькасыз қазақ тілі: https://t.me/kalkastop
Nazgul: https://instagram.com/dark_nazgul
Narikbi: https://instagram.com/narikbi
Instagram: https://instagram.com/narikbi.live
TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
Таймкодтар:
00:00 Тизер
02:00 Қазақ ақындарының еңбектері және тілге әсері
05:00 Қазақ тілінің жанашыры — Назгүл Қожабек
08:00 Баланың тілдік контент тұтынуы қалай қалыптасады?
11:00 Қазақша контенттің медиа саласындағы салмағы
15:00 Шетелде қазақ тілін қалай сақтап, дамытып жүрміз?
20:30 Қостілді коммуникация: мүмкіндік пе, кедергі ме?
24:40 Алаяқтардың тілдік схемалары
28:00 Қазақ тіліне аударылып жатқан кітаптар
30:40 Қазақ тілі неге және қалай танымал болып келеді?
35:00 Тілдегі жасырын тіркестер мен мағыналар
50:00 Сөздерді орнымен қолданудың маңызы
01:04:00 Тіл уақыт өте қалай өзгереді?
01:16:00 Мейрамхана мәзірлеріндегі аударма сапасы
01:24:00 Зат есімдердің дұрыс қолданылуы
01:35:00 Қазақстандағы тіл мәселелері мен оң өзгерістер
01:46:00 «Туылған күніңмен» бе, әлде «Туған күніңмен» бе?
01:59:00 Қазақ тіліндегі жиі қате жазылатын сөз тіркестері
02:07:00 Қазақша сөйлегенде және жазғанда неге асығамыз?
02:14:00 Қалай өз тілімізде сауатты әрі сенімді сөйлей аламыз?
02:23:00 БЛИЦ!

Thursday Feb 05, 2026
Данияр Аренов: ерке емес, еркін бала тәрбиелеу / Narikbi LIVE #133
Thursday Feb 05, 2026
Thursday Feb 05, 2026
Бұл подкасттың қонағы — белгілі балалар психологы Данияр Аренов. Біз ата-аналар мен балалар арасындағы ең өзекті әрі күрделі тақырыптарды талқыладық.
Сұхбат барысында біз мына мәселелерді қозғадық:
• Бала — сіздің «жобаңыз» емес: Неге ата-ана баланың болашағы мен тұлға болып қалыптасуына 100% жауапты бола алмайды және неге бұл жүкті иықтан түсіру керек?.
• «Піл» ме, әлде «Бөкен» бе? Балаңыздың жүйке жүйесінің түрін қалай анықтауға болады? Төзімді «піл» балалар мен сезімтал «бөкен» балалардың тәрбиесіндегі айырмашылықтар қандай?
• Шаршаған ата-ана феномені: Өзіңізді «жаман ата-анамын» деп кінәлауды қалай тоқтатуға болады? Гаджеттер неге кейде ата-ананың амалсыз көмекшісіне айналады және «арзан дофаминнің» қаупі қандай?
• «Шексіз респаун» философиясы: Баланы қателік жасаудан қорықпауға қалай үйретеміз? Неге нәтиже емес, өмір сүру процесі маңызды?.
• Ажырасу және бала психологиясы: Бұл жаңалықты балаға қалай дұрыс жеткізу керек? «Маңызды ересектердің» бала өміріндегі рөлі қандай?
• Ер балалар тәрбиесі: «Еркектер жыламайды» деген стереотиптің зияны және ұл баланың бойындағы сау агрессия мен батылдықты қалай қалыптастырамыз?
Бұл сұхбат — өз баласын жақсырақ түсінгісі келетін және тәрбиедегі кінә сезімінен арылғысы келетін әрбір ата-анаға арналған терең әрі шынайы әңгіме.
Daniyar: https://www.instagram.com/arenov_daniyar
Narikbi: https://instagram.com/narikbi
Instagram: https://instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live
00:00 – Тизер
00:33 – Қонақта — бала психологы Данияр Аренов
08:00 – Гаджеттер мен "арзан дофамин": Телефон беру — ата-ананың өзін-өзі сақтау амалы ретінде
13:20 – "Қант пен Алма" метафорасы: Виртуалды әлемдегі әлеуметтік аштықтың зияны.
18:50 – Бала – ата-ананың "жобасы" емес: Неге біз бала болашағы үшін 100% жауапты емеспіз?.
24:30 – "Піл" және "Бөкен" темпераменті: Баланың жүйке жүйесінің ерекшелігін анықтау.
30:15 – Ата-ана рөлінің өзгеруі: Үш жастағы "диктатордан" жасөспірім шақтағы "досқа" дейін.
38:40 – Тәрбиедегі тыйымдар: Физикалық және моральдық қысымның (игнор, манипуляция) зияны.45:10 – Сапалы уақыт тапшылығы: 18 жылдың ішінде баламен бірге болатын нақты 5-6 ай.
52:00 – "Респаун" (Қайта тірілу) философиясы: Баланы қателік жасаудан қорықпауға және
резилиенске үйрету.
58:30 – Ажырасу және бала: Жалғызбасты ата-аналарға қолдау және "маңызды ересектер" рөлі.
1:06:15 – Ажырасу туралы балаға қалай айту керек?: Сказкотерапия және жасөспірімдермен шынайы сөйлесу.
1:13:40 – Эмоционалды интеллект: 120 түрлі сезімді атау және оларды реттей алудың маңызы.
1:19:50 – Мама — "найзағай қайтарғыш": Бала неге тек анасына сезімін жарып, "жарылады"?.
1:25:20 – "Еркектер жыламайды" стереотипі: Көз жасы мен батылдықтың арасындағы байланыс.
1:31:00 – Пілдер мен Бөкендер ғасыры: Қазіргі замандағы эмоционалды тұрақтылық пен күш теңгерімі
1:50:23 Шабыт беретін кинолар
1:52:31 Данияр Аренов неден қорқады?

Thursday Feb 05, 2026
2026 бизнесті сақтап қалу формуласы / Мират Ахметсадық / Narikbi LIVE #132
Thursday Feb 05, 2026
Thursday Feb 05, 2026
2026 жыл енді басталса да, кәсіпкерлер үшін оңай соқпайтыны қазірден белгілі. Жаңа Салық кодексі, инфляция, жасанды интеллектінің қарқыны — осының бәрі бизнеске тікелей әсер етіп жатыр.
Дәл осы сұрақтарға жауап іздеу үшін бүгін біз студияға белгілі кәсіпкер әрі инвестор — Мират Ахметсадық мырзаны шақырдық.
Мират мырза — Өскеменнің қарапайым жігітінен еліміздегі венчурлық нарықтың көшбасшысына айналған, MOST Ventures компаниясының негізін қалаушы тұлға.
Бүгінгі шығарылымда біз экономикадағы өзгерістерді талдап, алдағы жылдары кәсіпкерлер не нәрсеге дайын болуы керектігін бүге-шігесіне дейін талқыладық.
Mirat: https://www.instagram.com/mirat.akhmetsadyk
Narikbi: https://instagram.com/narikbi
Instagram: https://instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live
00:00 🎬 Тизер
01:40 🎙️ Қонақта — Мират Ахметсадық
04:31 📊 2025 жылдың қорытындысы
15:00 📉 Кәсіпкердің инфляцияға қатысты жанайқайы
17:00 💳 Кредиттердің пайыздық мөлшерлемесі
23:00 💰 Кәсіпкерлердің ең басты мәселесі — қаржы
26:30 🚗 Шетелде көлік алу неге қиын?
31:00 🗓️ 2026 жылға қандай жоспармен кіру керек?
42:33 💱 Валютадан пайданы қалай көруге болады?
48:00 📄 Облигация не үшін шығарылады?
54:10 🥊 Кәсіпкерлік бәсекелестік
58:40 ⚠️ Инфобизнестің кемшіліктері
1:01:25 🏗️ Жүйелі бизнес жасау неге маңызды?
1:09:50 💡 Идеяны қалай жүзеге асыруға болады?
1:20:00 💻 IT саласының дәуірі
1:25:11 🧠 Кәсіпкерлерге арналған лайфхактар
1:29:22 ⚡ Блиц-сұрақтар!

Thursday Feb 05, 2026
Ануар аға: қажылықтың шын мағынасы / Narikbi LIVE #131
Thursday Feb 05, 2026
Thursday Feb 05, 2026
Қажылық — мұсылман үшін парыз етілген ұлы сапар, жүректі жаңартатын үлкен мектеп. Бірақ бүгінде біз кейде оның сыртқы көрінісіне ғана мән беріп, шын әрі терең мағынасына үңіле бермейміз. Шынымды айтсам, бұл жағдай менің де басымнан өткен.
Осы шығарылымда біз қонағымыз — тәжірибелі қажы-гид Ануар ағамен бірге қажылықтың жолын толық талқылаймыз: ниеттен бастап, ихрам, тауаф, сағи, Арафат, Муздалифа, Мина секілді кезеңдердің әрқайсысы нені білдіреді? Қажылық адамның ішкі дүниесіне қалай әсер етеді? Бұл сапардан “қажы” атағымен емес, қандай жүрекпен оралу керек?
Егер сіз қажылыққа баруды жоспарлап жүрсеңіз немесе “қажылықтың шынайы мәні қандай?” деген сұрақ көкейіңізде болса — бұл подкаст сіз үшін.
Narikbi: https://instagram.com/narikbi
Instagram: https://instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live
00:00 🎬 Тизер
02:00 🎙️ Қонақта — Ануар ұстаз
04:10 🕋 Қажылық неге маңызды?
18:00 🤔 Неге қазақтар қажылыққа барғаннан кейін ғана намазға бет бұрады?
21:00 🧳 Қажылыққа ешкім толық дайын болып бармайды
27:00 🛤️ Қажылыққа апарар жол неге ауыр?
31:00 ⚖️ Күнә мен сауаптың жасалу жолдары
44:40 🧘♂️ Рухани тепе-теңдікті қалай ұстауға болады?
50:10 💧 Зәм-зәм суының шығу тарихы
1:00:10 ❤️🔥 Үлкен қажылықтағы ішкі сезімдер мен рухани өзгерістер
1:15:00 🕌 Жұма күнгі құлшылық неге ерекше маңызды?
1:18:00 🌙 Ораза қашан қабыл болады?
1:26:10 📿 Қажылыққа баратын жандарға пайдалы кеңестер
1:36:20 🔄 Қажылықта сезілетін рухани энергия
1:48:00 ⚡ Блиц-сұрақтар

Thursday Feb 05, 2026
Мыңжылқы Бердіқожаев: мединица неге қолжетімсіз? / Narikbi LIVE #130
Thursday Feb 05, 2026
Thursday Feb 05, 2026
🎙️ Бүгінгі подкасттың қонағы — елімізге белгілі нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев.Ол — Астанадағы Президент ауруханасында директордың орынбасары болып қызмет атқарған, Орта Азияда миға ең көп (7500-ден астам) ота жасаған сирек мамандардың бірі.
🧠 Бұл сұхбатта біз ми, медицина және өмірдің мәні туралы терең әңгімелестік:
• Қазақстанда сапалы ота алу қаншалықты қолжетімді?
• Жаңа технологиялар дәрігерді толық алмастыра ала ма?
• Неліктен қытай халқы ұзақ өмір сүреді?
• және де адам денсаулығы мен саналы өмірге қатысты басқа да өзекті тақырыптар қозғалды.
Mynzhylky: https://www.instagram.com/mynzhyl
Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi
Instagram: https://www.instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://www.tiktok.com/@narikbi.live
⏰ 00:00 – 🎬 Тизер
👨⚕️ 01:15 – 💬 Қонақта Мыңжылқы Бердіқожаев
💻 02:10 – 🏥 Онлайн трансляциядағы операция қалай өтеді?
⚠️ 06:40 – 💸 Стенозға айыппұл неге салынады?
🧠 14:20 – 🩺 Аневризма мен стеноз — сирек кездесетін аурулар
❤️ 16:20 – 🔍 Стеноздың себептері
💉 23:33 – ❤️🩹 Жүрекке стенд қалай қойылады?
🌍 28:40 – 🏦 Басқа елдердегі сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?
🩻 31:50 – 💉 Тромбоэктомия әдісі
⚡ 41:40 – 🧲 Транскраниалды магниттік стимуляция
🚬 48:05 – 😷 Темекінің әсері
🥢 54:20 – 🧘♂️ Қытай халқы неге ұзақ өмір сүреді?
💨 59:09 – 🚭 Кальянның зияны қандай?
📊 1:00:40 – 👩⚕️ Әйел мен ер адамның онкологиялық статистикасы
🏥 1:06:00 – 👨🔬 Дәрігерлердің ортасы қандай?
🤔 1:09:00 – 💭 Мыңжылқы Бердіқожаев неден қорқады?

Friday Oct 10, 2025
Қайрат Құрманбаев: Палестина, Құддыс және билік / Narikbi LIVE #129
Friday Oct 10, 2025
Friday Oct 10, 2025
Бүгінгі қонағымыз – белгілі исламтанушы, PhD докторы, доцент, дінтанушы Қайрат Құрманбаев.
Бұл шығарылымда біз бүкіл әлемді алаңдатқан Палестина мәселесінің тарихи тереңіне үңілдік:
• Құддыс жерінің қасиеті неде?
• Неге ғасырлар бойы бұл мекен үшін соғыстар тоқтамады?
• Палестина біз үшін неге маңызды?
Kairat: https://instagram.com/kairat_kurmanbayev
https://instagram.com/qairat_ustaz
Narikbi: https://instagram.com/narikbi
Instagram: https://instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live
00:00 🎬 Тизер
01:30 🎙️ Қонақта Қайрат Құрманбаев
03:50 🌍 Палестина қалай адамзатқа маңызды болып кетті?
11:50 📜 Палестинаның құрылған тарихы
21:40 🕌 Юша пайғамбарымыздың Палестинаға сәжде жасап кіруі
29:40 📖 Библия қалай жазылған?
33:32 ✡️ Қудалауға ұшыраған еврейлер
44:30 👑 19 пайғамбардың өмірі
56:20 🙏 Аллаға қайту дегеннің мағынасын қалай түсінеміз?
1:00:00 ⚖️ Жер бетіндегі баланс
1:08:20 🤲 Палестинаның бізге не қатысы бар?
1:15:10 📚 Құран неліктен аударылмайды?
1:18:20 💭 Қайрат Құрманбаевты не толғандырады?

Tuesday Sep 30, 2025
Tuesday Sep 30, 2025
Бүгінгі қонағымыз – белгілі филолог, KBTU және ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Арын Құнанбайұлы.
Бұл шығарылымда біз маңызды тақырыптарды талқыладық:
• Оқу және жазу мәдениеті;
• Абай мен әл-Ғазали шығармашылығының үндестігі;
• Қазақ тілінде терең ойлану мәдениетінің әлсіздігі мен себептері;
• Танымал әндердің мәтіндері мен олардың шынайы мағынасы.
Терең ой, әдеби талдау мен жаңа көзқарастарды бірге іздедік.
Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi
Aryn: https://instagram.com/aryn.qunanbai
Narikbi: https://instagram.com/narikbi
Instagram: https://instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live
00:00 🎬 Тизер
02:00 🎙️ Қонақта Арын Құнанбай
05:30 📖 Оқуға деген махаббат қайдан пайда болды?
12:00 👶 Қазақ әдебиетін бала қанша жастан оқу керек?
15:00 🤔 “Оқу” деп нені түсінеміз?
21:00 🧪 Дофамин гормоны неге жауап береді?
23:50 🙏 Нығметті сезіну үшін, одан бастарту керек
31:00 🪄 «Хәрри Поттерді» оқыған адамның ойлау қабілеті
38:00 🔍 Мәтіннің мәнін қалай түсінеміз?
49:00 🧠 Абайдың идеясы
55:00 🐢 Баяу оқу концепциясы
1:00:00 🗣️ Сөйлеу мәдениетін қалай қалыптастыруға болады?
1:07:00 ⏳ Ойлаудан қашан қаламыз?
1:17:00 💎 Қазақ тіліндегі сөздердің потенциалы
1:45:00 🛠️ Сөздерді зерттеуге болатын құралдар
1:50:00 📜 Дәстүрлі сөз саптаулар
1:57:00 🎶 Әншілердің қазақша жазған тексттерін талдау және бағалау
1:58:20 🎵 De Lacure – Dal Solay
2:01:00 🎵 Alem – Kuim
2:10:00 🎵 Sadraddin – Ana
2:15:00 🎵 Bayansulu – Umytsam da
2:21:00 🎵 Мирас Жүгінісов – Әндетемін
2:31:00 🎵 Ilhan – Bir Ayda
2:34:00 🎵 Kalifarniya & Мирас Жугунусов - Qymbattym
2:38:00 🎵 Belucci – Köbelek
2:41:20 🎵 Turar – Иіс
2:43:00 🎵 DudeOnTheGuitar
2:46:30 🎵 Yenlik
2:50:10 🌟 Табысты адам деген кім?

Friday Aug 29, 2025
Friday Aug 29, 2025
Бүгінгі қонағымыз – белгілі кардиолог-аритмолог, Алматы кардиология орталығының жетекші маманы, «Bolashaq» бағдарламасының (Литва) түлегі, PhD Ғани Төлепбергенов.
Бұл эпизодта біз жүрек денсаулығына қатысты маңызды сұрақтарға жауап іздедік:- Энергетиктердің жүрекке шынайы әсері қандай?
- Стресс жүрек ауруларына қалай әкеледі?
- Жүрекке не үшін сым (кардиостимулятор) жалғанады?
- Жүрек қағысын бақылау неге маңызды?
Сонымен қатар, жүрекке қатысты тағы да көптеген қызықты тақырыптар қозғалды.
Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi
Gani: https://instagram.com/gani_kz_
Narikbi: https://instagram.com/narikbi
Instagram: https://instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live
00:00 🎬 Тизер
02:20 🫀 Жүрек маманы Ғани Құнанбайұлы
05:00 🔌 Жүрекке неге сым жалғанады?
11:00 ⚠️ Жүрек тоқтап қалудың салдары
20:00 🤔 Неге аритмия саласын таңдады?
26:00 🎓 «Болашақ» бағдарламасымен барған пайдасы
29:40 🤝 Науқастармен қалай қарым-қатынас жасауға болады?
37:00 🔍 Аритмияны қалай анықтаймыз?
44:00 🛠️ Жүректегі ота қалай жасалынады?
49:00 🩺 Дәрігердің бір күні қалай өтеді?
1:03:00 😣 Инфаркт кезінде адам не сезінеді?
1:11:10 💊 Жүрекке пайдалы дәрілер
1:16:00 📖 Науқаспен болған оқиға
1:26:00 🍽️ Тамақ жүрекке қалай әсер етеді?
1:34:00 🖥️ Медициналық технология қалай дамып жатыр?
1:39:00 🇰🇿 Қазақстанда ота жасау деңгейі
1:46:00 🙂 Науқастың көңіл күйі дәрігерге байланысты
1:53:00 ⚡ БЛИЦ!

Tuesday Aug 19, 2025
Данияр Жігітбек: нені құрбан ете аласың? / Narikbi LIVE #126
Tuesday Aug 19, 2025
Tuesday Aug 19, 2025
Біздің дәстүрлі Данияр Жігітбекпен жартыжылдық подкастымызды қабыл алыңыз. Біз джиу-джитсу, 12 апталық жылдың қорытындысы, бала әкеден қалай үлгі алатыны және т.б. тақырыптарды талқыға салдық.
Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi
Daniyar: https://www.instagram.com/dzhigitbek
Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi
Instagram: https://www.instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://www.tiktok.com/@narikbi.live
00:00 🎬 Тизер
02:10 🎙️ Қонақта Данияр Жігітпек
03:50 📊 12 апталық жылтың қорытындысы
12:00 🎯 Мақсатқа қалай фокус қоямыз?
16:20 ⚖️ Мақсаттарымызға қалай құрбан етеміз?
22:00 🕌 Өмір мен ақыреттің балансы
34:30 🧘♂️ Нәпсімен келісу және оны басқару
39:50 👶 Балаларына есім қойған туралы
44:00 ⏳ Бұл подкаст не үшін ұзақ болу керек?
55:40 👨👦 Бала әкеден үлгі алу керек пе?
58:30 🤔 Адам неге біреудің көргенін істейді?
1:06:20 🏛️ Балаларыма бұл өмірде не қалдырамын?
1:17:00 🌊 Орта кризисте не істеуге болады?
1:24:00 💡 Подкаст адамдарға қалай әсер етеді?
1:26:00 🔄 Жарты жылдағы трансформация неге үйретті?
1:41:00 😨 Данияр Жігітпектің қорқынышы

Friday Aug 08, 2025
Азамат Скаков: орта жас кризисінен өттім / Narikbi LIVE #125
Friday Aug 08, 2025
Friday Aug 08, 2025
Подкаст қонағы кітап авторы әрі коуч - Азамат Скаков. Біз Азамат мырзамен әр адам баласының өмірінде өтетін экзистенциалды дағдарыс пен кризистар, оның өту жолдары мен қажет өзгерістерді талқыладық.
Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi
Azamat: https://instagram.com/azamat__skakov
Narikbi: https://instagram.com/narikbi
Instagram: https://instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live
00:00 🎬 Тизер
02:55 👤 2025 жылдағы Азамат Скаков кім? – өмірі, қызметі, болмысы
07:02 🏍️ Мотоциклмен саяхат қауіпті ме?
17:00 💭 Экзистенциалды дағдарыс неден туындайды?
21:30 🔍 Өз ісіңді қалай анықтауға болады?
25:00 🏃♂️ Марафон жүгіретін адамның күйі – психологиялық-физикалық сәттер
29:00 💪 Спортты тұрақты түрде жалғастыру жолдары
33:30 ⚽ Балалар мен спорт: 10 жасқа дейін қызығушылығын сақтау
37:00 📆 30-дан кейінгі өмір жоспары
41:00 🎨 Хоббидің өмірдегі рөлі
53:00 🛋️ Ер адамның үйде жатуы дұрыс па?
59:00 💰 Қаржылық резерв: маңыздылығы мен қажеттілігі
1:08:30 📚 Кітап оқуға арналған лайфхактар
1:17:00 🪖 Бауыржан Момышұлының өмірден үзінді
1:27:00 📖 Көркем әдебиет пен мотивациялық кітаптардың айырмашылығы
1:32:00 🧍♂️ Қазіргі еркектердің “майдалануы”
1:37:00 ✍️ Кітап жазу үшін өмір сүре білу керек
1:41:00 ⚠️ 30 жастағы дағдарыстың алдын алу жолдары
1:45:00 💭 Жаман сценарийлер туралы ойлар және олардың болмаған сәттері
1:47:00 😨 Азамат Скаковтың қорқыныштары

Thursday Jul 17, 2025
Құрманғазы Садыбаев: Тар ойдың тұзағындамыз / Narikbi LIVE #124
Thursday Jul 17, 2025
Thursday Jul 17, 2025
Бүгінгі подкаст қонағы белгілі ұстаз, ғалым PhD - Құрманғазы Садыбаев. Біз шығарылымында Құрманғазы мырзаның жаңа Tabys атты кітабын талқылап шықтық. Табыс деген түсінікті неге дұрыс түсінбей жүрміз? Оның қандай сиқыры бар? Табысты болу міндетті түрде бай болу дегенді білдіре ме? - және т.б. тақырыптарды терең тақылаға салдық.
Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi
Kurmangazy: https://instagram.com/kurmangazy_sad
Narikbi: https://instagram.com/narikbi
Instagram: https://instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live
00:00 🎬 Тизер
01:20 🎙️ Қонақта Құрманғазы Садыбаев
03:00 📘 «Табыс» кітабының жазылу мақсаты
12:00 😊 Табысты болғаннан кейін бақытты боламын ба?
15:50 🤔 Кедей адам табысты бола ала ма?
22:30 💼 Бай болуға көмектесетін құралдар
30:10 📱 Желіде ақша табатын техникалар
37:00 🧠 Тұлғалық даму кімге керек?
42:00 📚 «Табыс» кітабының өзгешелігі неде?
51:30 🕌 Құлшылық арқылы табыс табу мүмкін бе?
55:00 🌟 Танымал болудың формуласы
1:04:00 🧭 Ниетті қалай түсінуге болады?
1:12:32 😶 Адамның жалғыз қалуы дұрыс па?
1:22:10 🎭 Неге адамдар өзіне шынайы емес?
1:34:00 💫 Жанның ісі екенін қайдан білуге болады?
1:42:00 🥋 Адамға зақым келтіретін спорт түрі харам

Thursday Jun 19, 2025
Ақсұлтан Қалиев: контенттен концептке, өмірінің ребрендингі / Narikbi LIVE #123
Thursday Jun 19, 2025
Thursday Jun 19, 2025
Бүгінгі қонағымыз белгілі маркетинг маманы - Ақсұлтан Қалиев. Біз Ақсұлтанның танымал блогерлік/вайнерлік (xaxa show) дәуірінен бүгінгі кәсіпкерлік жолына дейін өтіп шықтық.
- Өмірдегі өзгерістерге не себеп болды?
- Контент арқылы қалай қызмет етуге болады?
- Қазақстандық маркетинг саласын талдау және т.б. тақырыптарды қозғап өттік.
Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi
Aksultan: https://www.instagram.com/aksultankali
Narikbi: https://instagram.com/narikbi
Instagram: https://instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live
00:00 🎬 Тизер
02:20 👤 Ақсұлтан Калиев кім?
04:06 🎥 Контент түсіруге қызығушылық қайдан басталды?
09:48 🏡 Отбасынан алған тәрбие
15:13 🔄 Ақсұлтанның түрлі өмір кезеңдері
21:00 🕋 Исламға қалай келдім?
31:00 📱 Өзін блогер деп санай ма?
36:00 🗣️ Қазақ тілді мен орыс тілді контенттің айырмашылығы
42:00 💼 Маркетинг саласындағы тәжірибесі
49:12 👨👩👧👦 Отбасымен контент жүргізуге бола ма?
56:20 💰 Baipket жобасы не жайында?
1:14:00 🎙️ Неге микрофон алдында сөйлейтіндер көбейіп кетті?
1:20:17 🛠️ Қазіргі инструменттермен қалай жұмыс істеуге болады?
1:32:00 🇰🇿 Қазақстандағы маркетингі мықты компания
1:35:00 🎬 Қайталап көретін фильмдер
1:37:00 🏆 “Табысты адам” деген кім?

Thursday May 15, 2025
Қуаныш Шонбай: өкінбей өмір сүре біл / Narikbi LIVE #122
Thursday May 15, 2025
Thursday May 15, 2025
Rumi ресторандар желісі, Shonbay Business School және көптеген бестселлер кітаптар – Қуаныш ағаны көпшілік осы жобалар арқылы таниды.
⠀Бұл шығарылымда жол апатының оның өміріне қалай әсер еткені туралы айттық. Сонымен қатар, соңғы жылдары маркетинг пен бизнесте не өзгергенін, қандай ой келіп, неге басымдық бергенін нақты сұрадық.
Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi
Kuanysh: https://www.instagram.com/kuantr
Narikbi: https://instagram.com/narikbi
Instagram: https://instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live
00:00 🎬 Тизер
02:00 🧑💼 2025 жылғы Қуаныш Шонбай кім?
08:00 💸 Барлығы бай болу керек пе?
13:23 ✨ “Тек жақсылық тілеймін” иллюзиясы
18:30 🏍️ Мотоцикл апаты қалай әсер етті?
24:00 🧠 Есімде қалған сәттер
31:23 ⚖️ Жетістік пен табыстылық сезімдері
32:30 🚫 Адамға анализ жасамай үкім шығару
37:20 📕 Дәптердегі қызыл сызық не үшін салынған?
43:10 📖 Бұрынғы заманның проблемасы неге қазір трагедия?
49:00 👔 Қуаныш Шонбай қандай кәсіпкер?
56:00 📢 Қазақ тілді маркетинг неден пайда болды?
1:02:41 🌀 Адамның дамуы неге міндетті емес?
1:09:00 🧭 Таңдау механизмі қалай жұмыс істейді?
1:20:00 🙋♂️ Неге жастар барлығын алғысы келеді?
1:27:00 🎲 Қазақтың тәуекелге қандай қатынасы бар?
1:41:00 ☝️ Алла қалағаннан кейін сен істедің бе, әлде сен істегеннен кейін Алла қалады ма?
1:47:00 🎯 Миссиясын тапқан адам деп кімді айтамыз?
1:59:00 🧩 Қазақтар кімге өзін дәлелдегісі келеді?
2:04:00 ✍️ Соңғы нүкте адамның ойын өзгерте ме?
2:09:10 🤲 Дұға тілеу концепциясы
2:17:00 🎙️ Өмір өзгертпейтін подкаст
2:19:00 🏆 “Табысты адам” деген кім?

Tuesday May 06, 2025
Садық Шерімбек: анамды жаяу Меккеге алып бардым / Narikbi LIVE #121
Tuesday May 06, 2025
Tuesday May 06, 2025
Бүгінгі подкаст қонағы - Садық Шерімбек: жазушы, аудармашы, технократ, IT маманы және Qalan Publishing баспасының негізін қалаушы.
Білмегенге, Садық мырза қазақ тіліндегі ғылыми-көпшілік контентті дамытуға белсенді атсалысып, «JÜZ», «SAFAR» сияқты кітаптардың авторы. Сонымен қатар, балаларға арналған «AjA Kids by Qalan» журналы мен «Әл-Жәбірдің атасы» ғылыми журналының шығарушысы.
Біз Садықтың анасымен жаяу Меккеге дейінгі саяхатын талқылап, сол жолда орын алған оқиғалар мен өмірлік сабақтарды талқылап, саралап көреміз.
- Ол сапар қалай Садыққа өзін-өзі табуға көмектесті?
- Түркілер мен арабтардың ерекшеліктері неде?
- Иранда қалайша тегін саяхаттауға болады?
және т.б. тақырыптарда қозғалған.
Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi
Sadyq: https://www.instagram.com/msherimbek
Narikbi: https://instagram.com/narikbi
Instagram: https://instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live
00:00 🎬 Тизер
03:00 🙋♂️ Қонақта Садық Шерімбек
07:30 🇮🇳 Үндістанның шын келбеті қандай?
12:00 🗣️ Патриот сөзінің өзбекше мағынасы
19:00 🕋 40 күнде апамды Меккеге апардым
25:00 👶 Ауылда балалық шағы қалай өтті?
27:00 👩👦 Анаммен сапарлас болдым
33:00 🧓 Үлкен кісілер неге сапарға шықпайды?
41:40 🚧 Жолдың қиын сәттері
44:00 💔 Құдайдан алыстағаны соншалық атеист болып кеттім
51:00 💭 Өлгеннен кейін неге сенесің?
58:30 😊 Өмірімдегі ең қуанышты сезім
1:02:11 🙏 Құдай адамға не үшін керек?
1:05:00 🕊️ Жолға шығудағы мақсатым — мұсылмандық парызымды орындау
1:08:40 ❓ Құдайдан не үшін кеткен себебі
1:15:00 🧬 Тәңіршілер қалай пайда болды?
1:20:00 👶 Адам баласы сену сезімімен туылады
1:22:40 📖 Атеист бола тұра Жумонгқа құран оқыдым
1:30:00 🕌 Көптің аяғы тиген жер мен тілегі тиген жердің қасиеті
1:40:00 🚶♂️ Меккеге барар жолдағы қызықтар мен қиындықтар
2:11:00 😤 Сабыр деген сөзді маған айтпаңыз
2:28:00 🏠 Қазақ бауырымның үйі болғанын тіледім
2:33:10 💭 Жолдың берген ойлары
2:41:00 🤷 Барлығымыз неге бірімізге ренжіп жүрміз?
2:50:00 🕋 Қағбаны көріп кетуге ниет еттік
2:57:10 🤲 Құдайға шексіз алғыстар
3:13:00 📚 Qalan — Ғылыми танымдық журнал
3:16:50 🔁 Қайталап көре беретін контент
3:17:00 🏆 Табысты адам деген кім?

Thursday Apr 17, 2025
ARO: әнімнің шын мағынасын көбі білмейді / Narikbi LIVE #120
Thursday Apr 17, 2025
Thursday Apr 17, 2025
Бүгін подкаст қонағы белгілі әнші, сазгер - Арман Сейітжаппаров, көбімізге ARO атымен танымал. Біз Арманның белгілі әндерінің мағынасын терең қазып, Арманның көкейінде жүрген, бірақ көбіне айта бермейтін тақырыптарды қамтыға тырыстық.
Арзан әуе билеттері: https://aviasales.kz
Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi
ARO: https://www.instagram.com/seitjapp.aro.ff
Narikbi: https://instagram.com/narikbi
Instagram: https://instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live
00:00 🎬 Тизер – Бүгінгі подкасттың шымылдығын ашамыз!
01:20 🎤 Sholy/Шолу өлеңінің мағынасы қандай?
06:30 ✍️ Ел ішіндегі проблеманы шығармашылықпен жеткізу жолы
09:49 🧢 Қонақта — Арман Көмекұлы a.k.a. ARO
14:02 👨👩👦 Ата-ананың өнерге көзқарасы мен қолдауы
19:26 🚸 «Балам мен сияқты болмасын» – ішкі шындық
22:37 🧠 Әкенің тәрбиесі мен рухани байланыс
29:30 ✉️ 16 жасында алғаш ән жазғаны — кімге арнады?
36:30 ⚡ Музыкалық шабыт қайдан туады?
43:30 🎧 ARO әндерінің өзгешелігі неде?
50:00 🎥 «Әр әніме клип түсіретін бай емеспін»
53:40 💸 Той арқылы тез танылу мүмкін бе?
55:30 🗣️ Өлең жолдары арқылы жастарға үндеу
1:05:00 ⚖️ Әділеттілік жайлы ARO концепциясы
1:12:23 🔥 Скриптонит — шабыттың бір көзі
1:14:30 🌟 Ең жарқын естеліктермен бөлісті
1:20:10 👁️ Адамдардың назарынан құнды не бар?
1:25:00 🗺️ Белуджистан — тәуелсіздікке жете алмаған ел
1:33:40 👤 Әлемде эгоистер неге көбейіп барады?
1:36:00 🎼 ARO-ға әсер еткен тұлғалар
1:46:00 🧬 Шиелі ДНҚ — тамырын жоғалтпаған рух
1:49:49 📀 ARO-дан жақында альбом!
1:53:00 🎬 Қазақфильмнің көрінбей қалған мұралары
1:55:00 🎞️ Сүйіп көретін киносы
1:57:00 Darkhan Juz қандай адам?
2:00:00 🎧 Өз тыңдарманын тапқан сәт
2:04:00 🏆 «Табысты адам деген кім?» — қорытынды ойлар

Tuesday Apr 01, 2025
Асқар Сабдин: мемлекет дінді басқара ала ма? / Narikbi LIVE #119
Tuesday Apr 01, 2025
Tuesday Apr 01, 2025
Бүгінгі подкаст қонағы белгілі исламтанушы, Maqsut Narikbayev University оқутышысы - Асқар Сабдин. Бұл шығарылымда біз мемлекет пен дін арасында қарым-қатынас, қызыл террор, діни контенттегі цензура және ерекше Бауыржан Әлиұлы ұстазды еске алдық.
Онлайн математика тренажеры: https://qalan.kz
Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi
Askar: https://www.instagram.com/askar_sabdin
https://www.facebook.com/askarsabdin
Narikbi: https://instagram.com/narikbi
Instagram: https://instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live
Тайм-код:
00:00 🎬 Тизер
01:06 🔍 Нәрікби атының мағынасы
03:26 📖 Қонақта - Асқар Сабдин
05:49 ❓ Неге Құранды орысшаға аудардық?
07:49 📜 Ханафи мазхабының жүйесі және аудармасы
12:56 💎 Бауыржан Әлиұлы туралы естеліктер
19:49 🎓 Заңгерлерге дінді қалай түсіндіреді?
25:52 🏛️ Ислам құқығына әсер еткен батыс ғалымдары
36:26 🗣️ Діни қызметтегі интригалар
44:48 ⚔️ Ақпараттық соғыс
46:38 🚫 Ислам диктатураға қарсы
53:58 🏛️ Мемлекеттің 5 құраушы элементі
1:00:58 ⚖️ Соборлық жүйені қалай сақтаймыз?
1:07:42 🔥 Мемлекет Перғауынға айналған кезең болды..
1:16:08 🤲 Жамағат нені талап етеді?
1:23:58 💬 Әлеуметтік желідегі жазбалар және кері байланыс
1:33:34 👀 3 түрлі көзқарас пен білім
1:35:33 🏆 Табысты адам деген кім?

Tuesday Apr 01, 2025
Жұлдызай Мұсаева: ҰБТ - үкім бе әлде мүмкіндік пе? / Narikbi LIVE #118
Tuesday Apr 01, 2025
Tuesday Apr 01, 2025
Бүгінгі подкасттың қонағы – белгілі кәсіпкер, JUZ40 білім беру орталығының негізін қалаушы Жұлдызай Мұсаева. Қонағымыз білім беру саласындағы жаңашылдықтар мен оқушылардың жетістігі туралы өз тәжірибесімен бөлісті.
Бұл шығарылымда:
🎯 ҰБТ оқушының болашағына қалай әсер етеді?
👀 Балалардың назарын ұстап тұрудың тиімді жолдары
📚 Қазіргі жастардың білімге деген көзқарасы
🔥 140 балл жинаудың құпиясы
Онлайн математика тренажеры: https://qalan.kz
Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi
Zhuldyzai: https://www.instagram.com/_mussayeva
Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi
Instagram: https://www.instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://www.tiktok.com/@narikbi.live
00:00 🎬 Тизер
01:36 🎯 124 балл жинаған 2 оқушының оқиғасы
04:43 🌟 2025 жылғы Жұлдызай кім?
06:00 🚀 JUZ40 компаниясы қалай ашылды?
11:28 👀 Балалардың назарын қалай ұстап тұруға болады?
17:00 🧑🎓 Жастармен жұмыс істеудің ерекшеліктері
21:00 📚 Сабақ өту процесі қалай жүреді?
25:10 🏫 Мектептегі білім деңгейі қаншалықты жақсы?
31:55 ❓ Неге ҰБТ нарығын таңдады?
36:00 🔥 Қазіргі балалардың мотивациясы қандай?
41:30 🤔 Жұлдызай Мусаева оқушы ма?
46:22 🎓 JUZ40 оқушыларға не береді?
50:30 🚗 140 балл жинаған оқушыға көлік беріле ме?
58:10 🏆 Оқу орталықтары қалай ерекшеленуі керек?
1:02:44 🇰🇿 Қазақ тілді жастар көбейіп жатыр
1:07:30 💡 Жұлдызай ханымның миссиясы қандай?
1:14:00 🔮 JUZ40 компаниясының болашағы қандай?
1:27:39 ❓ Қазақ қоғамы жиі қоятын сұрақтар
1:32:22 🏅 Табысты адам деген кім?
1:39:00 🌱 Өмірлік ұстаным

Monday Mar 10, 2025
Табиғат Қаутай: адамдар ұйқыда - өлгенде оянады / Narikbi LIVE #117
Monday Mar 10, 2025
Monday Mar 10, 2025
Бүгін қонақта біздің сүйікті әрі тұрақты қонағымыз - Табиғат Қаутай ағамыз. Біз Табиғат ағаға соңғы уақытта ең көп қойылатын сұрақтарды, талантымыз бар, бірақ одан қорқамыз? ғапылдық пен өзін-өзі ұмыту және неге адамдар өлгеннен кейін оянады деген тақырыптарда сөз қозғадық.
Рамазан айында осы руханият тақырыбындағы подкастымызды тамашалап, жақындарыңызға жіберіп қойыңыз.
Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi
Онлайн математика тренажеры: https://qalan.kz
Sajda app: https://get.sajda.app
Tabigat: https://www.instagram.com/tabigat_kautay
Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi
Instagram: https://www.instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://www.tiktok.com/@narikbi.live
00:00 🎬 Тизер
01:35 🚘 Cybertruck жүріп қайттым..
05:46 🤖 AI-дың болашақтағы проблемасы
07:00 ⏳ 15 секундтық болашақ балалары
10:00 🌍 Онлайннан офлайнға өтетін тренингтердің көбеюі
13:20 🧠 Ер адам қалай ақылмен шешім қабылдайды?
19:00 ❓ Ең көп қойылатын сұрақтар
22:21 💼 Бизнесменнің жан айқайы
26:25 🪞 Көп дау тудырған “айна” концепциясы
29:55 📖 Пайғамбарлар жай адамға айна бола ала ма?
32:22 ⚔️ Өткен шақты жабу үшін адамзаттың батыр болып кетуі
39:20 ⚖️ Адам өзін соттамауы керек
41:44 📜 Осы аятпен күресіп келе жатқаныма 21 жыл болды
51:42 🎭 “Талантым бар, бірақ қорқам…”
57:00 🔄 Өмірді өзгерту – өзіңді өзгерту
1:01:20 ⚰️ Адамдар неге өлгеннен кейін оянады?
1:06:20 ❤️🔥 Намаздағы махаббат сезімдері
1:12:00 💎 Ықылас – асыл нәрсе
1:18:00 😶 Ғапылдық дегеніміз не?
1:21:00 👀 Неге адамзат баласы періштелерді көрмейді?
1:28:30 🏆 Нәпсінің тәкәппарлығы
1:32:00 🔍 Өз-өзін ұмыту
1:34:44 🕊️ Еркіндік деп нені түсінеміз?
1:45:45 ✨ Алланың назары
1:54:20 ⏳ Дисциплинасыз адам құрдымға кетеді
2:03:40 📚 Кітап қашан жарыққа шығады?
2:07:50 🇺🇸 АҚШ-тағы адамдардың ойлау қабілеті және жұмыс жүйесі
2:21:10 🏅 Табысты адам деген кім?

Monday Mar 03, 2025
Monday Mar 03, 2025
Қонағымыз белгіліп стендап комик - Руслан Тай. Біздің кезекті шығарылымда Руслан екеуміз өмірімізде не өзгерістер орын алғанын, соңғы жылы елдегі орын алған жағдайлардың шығармашылыққа әсері, стендаптағы жаңа есімдермен мен әзілдерді талқылау қызық болды.
Онлайн математика тренажеры: https://qalan.kz
Арзан әуе билеттері осында: https://aviasales.kz
Ruslan: https://www.instagram.com/ruslantai
Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi
Instagram: https://www.instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://www.tiktok.com/@narikbi.live
00:00 🎬 Тизер
01:30 🎤 Руслан Тай рэпер ме?
03:00 🏡 Қонақта Руслан Тай
05:00 📖 Журнал туралы қысқаша шолу
06:00 ⏳ Жарты жылда не өзгерді?
13:30 📖 «Мүлік» сүресі неге оқылады?
18:10 🧐 Адам өзіне баға бере алмайды
25:00 ⚖️ Халық танығаннан кейін жауапкершілік пайда болды
30:00 🗓️ Демалысты ерте жоспарлау
36:39 😂 Руслан Тайдың әзіл формуласы
40:40 🤔 Не мазалап жүр?
44:00 🏠 Иеленудің проблемасы
45:00 📚 Менің атым неге Қожа?
51:00 🇰🇿 Еліміз тыныш жұртымыз аман
55:00 🎭 Стендапты екі тілде жүргізу
1:01:00 📍 Талғарда болған оқиға
1:05:40 🕶️ Рэкет заманы
1:11:00 🏙️ Қалалардың ерекшеліктері
1:16:00 🎵 Музыкалық пауза
1:21:00 ✍️ Жеканың шығармашылық жолы
1:23:00 🎭 Неге стендап жанры танымал болып кетті?
1:30:33 💼 Табысты адам кім?

Friday Feb 14, 2025
Мыңжылқы Бердіқожаев: миға 7500 ота жасаған нейрохирург / Narikbi LIVE #115
Friday Feb 14, 2025
Friday Feb 14, 2025
Біздің бүгінгі қонағымыз белгілі нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев. Мыңжылқы аға Астанадағы президент ауруханасында директордың орынбасары. Орта Азия елдерінің ішінде миға ең көп ота (7500 астам) жасаған мамандардың бірегейі.
Біз миға қатысты барлық сұрақтар мен аңыздарды ашып шығуға тырыстық:
- Мидың денсаулығы тікелей неге байланысты?
- Стресс қалайша миды зақымдайды?
- Мидағы қатерлі ісікті қалай анықтаймыз?
- Ұйқы, алкоголь мен темекінің миға әсері
және т.б. тақырыптарды қозғадық.
Онлайн математика тренажеры: https://qalan.kz
Арзан әуе билеттері осында: https://aviasales.kz
Mynzhylky: https://www.instagram.com/mynzhyl
Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi
Instagram: https://www.instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://www.tiktok.com/@narikbi.live
00:00 – 🎬 Тизер (Подкастта не туралы айтылатынын қысқаша шолу)
02:00 – 😰 Стрессте бөлінетін гормондар (Кортизол мен адреналин қалай әсер етеді?)
09:15 – 🕒 Мыңжылқы мырзаның жұмыс күн тәртібі (Өнімділік құпиясы)
14:00 – 🧠 Мидың функциясы және мақсаты (Ми қалай жұмыс істейді?)
20:30 – 🔗 Мидың денсаулығы тікелей неге байланысты? (Тамақтану, ұйқы, белсенділік)
26:00 – 🤖 Жасанды интеллект қаншалықты зиянды? (Ақпараттық жүктеме және тәуелділік)
30:00 – 🛌 Науқастың комадағы күйі (Комадағы ми не істейді?)
33:44 – ⚰️ Өлімнің 2-ші механизмі (Клиникалық және биологиялық өлім)
35:00 – 🎓 Нейрохирургия саласын таңдаған себебі (Мамандыққа қалай келді?)
38:40 – ⚕️ Ең көп таралған ми аурулары (Симптомдары мен алдын алу)
41:00 – 👴 7 атаның генетикаға маңыздылығы (Тектілік пен денсаулық байланысы)
48:10 – 🛡️ Қатерлі ісіктің алдын алу жолдары (Қауіп факторлары мен сақтану)
54:40 – 💸 Денсаулық сақтандыру қаншалықты қымбат? (Медициналық қызметтің бағасы)
58:18 – 🧑⚕️ Инсульт алған адамның күйі (Қалпына келу мүмкін бе?)
1:06:00 – 🚨 Қатерлі ісіктің алғашқы белгілері (Қалай ерте анықтауға болады?)
1:10:55 – 🍻 Алкоголь мен темекінің миға кері әсері (Шынайы қауіптері)
1:16:20 – ☕ Кофе мен энергетиктердің зияны (Шаршауды неге күшейтеді?)
1:20:10 – 😴 Ұйқының ми функцияларына маңыздылығы (Жеткілікті ұйқының пайдасы)
1:27:20 – 🌙 Түнде жұмыс істейтін адамның ағзасы (Биологиялық ырғақтың бұзылуы)
1:30:30 – 🍖 Ет тағамдарының адам ағзасына әсері (Диета мен ми байланысы)
1:34:30 – 👻 Адам өзінің өмірден өтетінін сезеді ме? (Ғылыми және рухани көзқарас)
1:36:49 – 📱 Әлеуметтік желіден дофамин алу (Тәуелділік механизмі)
1:40:33 – 🩺 Нейрохирург маманының күн тәртібі (Қаншалықты қиын?)
1:45:29 – 🕰️ Ең алғашқы ота қалай жасалды? (Тарихи оқиға мен сезімдер)
1:51:00 – 🔪 Ота қалай өтеді? (Процесс және қиындықтары)
1:53:00 – 🗣️ Пациентпен қалай тіл табысу керек? (Психологиялық тәсілдер)
1:59:00 – ⚖️ Пациент пен дәрігер арасындағы конфликтілер (Қалай шешуге болады?)
2:09:00 – 😟 Стресс қалай пайда болады? (Себептері мен алдын алу)
2:14:00 – 🧘 Аурудың алдын алу жолдары (Салауатты өмір салты)
2:21:00 – ⚡ БЛИЦ! (Жылдам сұрақтар мен жауаптар)
2:24:00 – 🏆 Табысты адам деген кім? (Қарым-қатынас, мақсат және мотивация)

Friday Feb 07, 2025
Friday Feb 07, 2025
Бүгінгі қонағымыз белгілі кітап авторы, журналист - Санжар Керімбай. Бұл жолы біз Санжар ағамен жеке кездесуге мүмкіндік алдық.
Жақында ғана шыққан Ғылыми майдан - Қаныш Сәтпаевтан бастап, бала әдебиетіне үңіліп, Яссауи жолымен қатар Санжар ағаның да өткен жолын талқылап, көкейде жүрген сұрақтарды қойдық.
Онлайн математика тренажеры: https://qalan.kz
Арзан әуе билеттері осында: https://aviasales.kz
Sanjar: https://www.instagram.com/sanjarkerimbay
Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi
Instagram: https://www.instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://www.tiktok.com/@narikbi.live
00:00 Тизер
01:10 Мағынасыздың мағынасы
02:30 Қонақта Санжар Керімбай
05:00 “Отбасы хрестоматиясы” 2024 жылы шыққан кітаптары
07:05 Бала Қаныш оқыған кітаптар
07:44 Кенесарының өмірбаяны қалай жазылды?
13:35 Жаңа ұрпақтың ауысуы
16:34 Қазіргі жастардың назары қайда?
21:40 Ретриттің мақсаты мен мағынасы
23:00 “Бір беттік кітап”
27:00 “Кітапқұмар” кітабының ерекшелігі
29:00 “Әдептілік әліппесі” – балаға арналған іргетас кітап
30:00 Кітап жазудағы жаңалықтар
34:20 Семей полигонының кеш жабылуының себебі
38:00 Сәтпаев туралы ең таңғалдыратын сұрақтар
42:00 Славскийдің Қазақстанға сіңірген еңбегі
46:00 “Қуғындалған Сәтпаев” атты кітап
54:00 Кенесарының өзі емес, басы қызық..
56:51 “Дін және Біз” радиохабары
58:35 Жас Санжардың сипаты
1:05:00 Қазіргі жастардың “оты” қандай?
1:07:30 Подкастан кейінгі әсер
1:10:33 Санжар Керімбай зікірші ме?
1:14:35 Айтылып жатқан зікірдің айырмашылығы
1:17:22 Зікір ету қаншалықты маңызды?
1:21:30 Неге намаз оқып қана шектеліп қалуға болмайды?
1:23:10 Зікіршілер намаз оқымай ма?
1:26:00 Санжар Керімбай намаз оқи ма?
1:28:30 Яссауи тарикаты
1:33:00 Қиссаның анықтамасы
1:41:50 Буквалист деген кім?
1:43:00 Хадистен қиссаға өту және оның хикметі
1:45:00 Неге Санжар жоғалып кетті?
1:50:00 Келесі майдан не туралы?
1:52:22 Табысты адам кім?

Monday Feb 03, 2025
Тілеген Еркінбеков: сатира - қылмыс емес / Narikbi LIVE #113
Monday Feb 03, 2025
Monday Feb 03, 2025
Құрметті көрермен, бүгінгі қонағымыз белгілі стендап-комик - Тілеген Еркінбеков. Соңғы жылдары елімізде стендап өте қарқынды даму үстінде. Тілегенді өткен жылдың стендап сахнасындағы жарқын жұлдызы десем болады.
Біз әзілі өткір әрі өзекті болған Тілегеннің Семейден үлкен қалаға келіп, күзетші жұмысынан бастап, үлкен сахнаға дейінгі жолын ашып өттік.
Онлайн математика тренажеры: https://qalan.kz
Арзан әуе билеттері осында: https://aviasales.kz
Ginger shot: www.instagram.com/localfoodskz
Tilegen: https://www.instagram.com/tilegen.da
Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi
Instagram: https://www.instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://www.tiktok.com/@narikbi.live
Тайм-код:
00:00 Тизер
01:25 Неге көбісі әскерге барғысы келмейді?
04:00 Математиканы естісем көңіл күйім түсіп кетеді
06:00 Өзін кім деп таныстырады?
10:00 Подкастқа дейінгі дайындық
14:00 Лев царь зверей әзілі
16:00 Саясатқа араласпасаң, саясат сенімен айналысады
21:00 Неге адамдар жұмыстан шығуға қорқады?
26:00 Туысқандық қарым-қатынас
30:00 Ата-анама 1 млн кредит алып бердім
35:00 Алғашқы кредитке ноутбук алдым
40:00 IT саласында не істеймін?
46:10 Магнумға охранник болып кірдім
51:00 Подкаст қалай басталды?
57:00 Әрекет сенен, нәтижесі Алладан
1:00:12 “Арзан психолог” жобасы
1:07:40 Қалаға келіп көзім ашылды
1:12:13 Адамзаттың өлгені жақсы ма?
1:19:00 Неге адамдар әзіліме күлмейді?
1:22:40 Өмірді кейінгі қалдыру
1:25:20 Неге подкастқа психолог мамандарын шақырамыз?
1:29:20 Өлім туралы ойлар
1:34:55 Балаға ерік беру керек
1:39:11 Орыс тілді әзілдер неге өтімді?
1:49:00 Стендап жолынан қалай тайып кетпеуге болады?
1:57:00 Қандай комиктардарды қарап жүр?
1:58:00 БЛИЦ!
2:02:30 Табысты адам кім?

Monday Jan 27, 2025
Азамат Марклен: өлім таяп қалғанын сездім.. / Narikbi LIVE #112
Monday Jan 27, 2025
Monday Jan 27, 2025
Бүгінгі қонағымыз елімізге әйгілі Ирина Кайратовна тобының мүшесі - Азамат Марклен.
Бұл Азаматпен шыққан алғашқы ұзын форматтағы диалог әрі подкаст. Шығарылымда Азаматтың өтіп шыққан жолы, жеке трансформациясы, тумен қатысты оқиғадан кейінгі кибербуллинг, Меккеге барып келгендегі түйіндері мен жоспарларын талқыладық.
Онлайн математика тренажеры: https://qalan.kz
InvestDala Podcast: https://youtu.be/xza0efUukdQ
Azamat: https://www.instagram.com/marklenov
Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi
Instagram: https://www.instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://www.tiktok.com/@narikbi.live
00:00 Тизер
01:39 Азамат НИШ-та оқыған?
08:34 2025 жылы Азамат кім?
11:11 ИК-ның Европадағы концерттік туры қалай өтті?
22:12 ИК тобының құрылуы
30:11 Астанадағы концертте болған оқиға
38:30 Өлім туралы жиі ойлаймын..
41:00 Умра сапары өмірін қалай өзгертті?
51:30 Умрада мазалаған ойлар..
56:50 Мұсылмандық образдың қалыптасуы
59:30 Концерттік және жеке өмір бейнесінің айырмашылықтары
1:02:20 Тумен болған оқиға қалай әсер етті?
1:12:50 Танымал болудың құны қандай?
1:21:00 Өнер адамның жан-жақты болу қаншалықты маңызды?
1:25:00 Қайталап көретін фильм
1:28:00 Darkhan Juzzбен жақын дос болдық..
1:39:40 БЛИЦ!

Tuesday Jan 21, 2025
Tuesday Jan 21, 2025
Сергек технологиясы қазақстандықтардың жолдағы тәртібін түбегейлі өзгертті десек, қателеспейміз. Көпшілік үшін Сергек — тек жол қозғалысын бақылайтын, айыппұл салатын камералар жүйесі. Алайда, бұл технологияның арқасында жол апаттарынан болатын өлім-жітім 40-50%-ға азайғанын білеміз бе?
Подкаст барысында Әсет Ахметовпен бірге халықты алаңдатқан маңызды сұрақтардың жауабын іздедік:
• Сергек камералары қалай жұмыс істейді?
• Айыппұлдар қайда жұмсалады?
• Сергекті айналып өту мүмкін бе?
• Кептелістерді Сергек арқылы шешуге бола ма?
және басқа да қызықты тақырыптарды талқыладық.
Сонымен қатар, Әсет мырзаның жаңа жобасы — Tasqyn анимация студиясы туралы да сөз қозғадық. Бұл студия қазақ тіліндегі сапалы мультсериалдар жасап, балаларымызға отандық анимацияны қолжетімді етуге атсалысуда.
Онлайн математикалық тренажер: https://qalan.kz
Aset: https://www.instagram.com/asetak
Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi
Tasqyn studios: https://www.youtube.com/@studiotasqyn
Instagram: https://www.instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://www.tiktok.com/@narikbi.live
00:00 — 🎬 Тизер
01:28 — 🚀 Әсетпен танысу
02:14 — 🛠️ Сергек деген не? Компания немен айналысады?
04:00 — ⚠️ Жолдағы қауіпсіздік: Сергек өлім санын 60-70%-ға қалай азайтты?
06:37 — 💰 Штрафтар қайда кетеді? Айыппұлдың нақты бағыты.
09:16 — 💡 Идеядан іске асыруға дейін: Сергек технологиясы қалай пайда болды?
15:04 — 🏭 Қытайдағы өндіріс: Сергек камералары қайда және қалай жасалады?
22:52 — 🌍 Шетелдік нарық: Сергек технологиясы халықаралық аренаға қалай шығуды жоспарлап отыр?
27:00 — 🏗️ Технологияны енгізудегі басты кедергілер.
33:35 — 🔄 Сергекке дейін және кейін: Технологияның нақты әсері қандай?
36:34 — 📸 Сергек камераларының жүрегі — сурет сапасы қаншалықты маңызды?
42:11 — 🌫️ Ауа сапасын өлшеу мүмкін бе? Сергектің жаңа бағыттары.
49:00 — 🚦 Неге көлік кептелісі әлі шешілмей келеді?
54:00 — 🛣️ Сергек көлік кептелісін азайта ала ма? Технологияның ұсыныстары.
1:06:10 — 🚍 Қоғамдық көлікті дамыту кептелісті қалай жеңілдетеді?
1:12:30 — 🎨 Технологиядан анимацияға қалай келдім?
1:25:02 — 🎬 Мультсериал жасау идеясы: Балаларға не түрткі болды?
1:34:03 — 🤔 Қазақстанда анимация жасайтын мамандар неге аз?
1:37:37 — 💸 Мультсериал жасауға қанша қаржы кетеді?
1:42:29 — 🚀 Tasqyn студиясының болашағы: Шығармашылықтың шыңы қайда?
1:44:37 — 🔚 Қорытынды

Monday Jan 20, 2025
Төлеген Талдыбаев: түсімде сахабаны көрдім / Narikbi LIVE #111
Monday Jan 20, 2025
Monday Jan 20, 2025
Бүгінгі қонағымыз белгілі исламтанушы, теолог және ұстаз - Төлеген Талдыбаев.
Төлеген ұстазбен "Бүгінгі бізде қонақта" сахабалар өмірін талқылайтын атақты жобасын, діни қылмыстық топтармен күрес, эмоционалды ислам және діни қызметкерлерді қолдау жобаларын талқыладық.
Онлайн математикалық тренажер: https://qalan.kz
Tulegen: https://www.instagram.com/tulegen_taldybaev
Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi
Instagram: https://www.instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://www.tiktok.com/@narikbi.live
00:00 Тизер
03:10 Төлеген Талдыбаев ол кім?
06:00 Батыс пен Оңтүстіктің арасындағы айырмашылықтар
13:40 Университет бітіргеннен кейінгі өмірі
18:00 Ғылымды жалғастырып Түркия елінде білім алуы
22:10 Білім алудағы ең бастапқы ниет
23:00 Ең алғашқы қылмыстық топтың соты
28:55 Түркия еліндегі жамағаттың сипаты қандай?
32:54 Неге жастар дінге қызықпайды?
37:19 Ханафи мазһабының қалыптасуының тарихы
48:13 “Бүгін бізде қонақта” жобасы неге тоқтап қалды?
56:00 Умраға барып келгеннен кейінгі түс
59:00 Хубайб ибн ‘Адий сахабамыздың өмірі
1:01:00 Эмоцианалды исламның қатты дамып кетуі
1:06:00 Неге адамдар ғалым болғысы келмейді?
1:12:33 Жеке университтердің саны көп
1:14:20 Дін қызметкерлерінің проблемасы қандай?
1:20:30 Ырғыз ауылында неге жұма намазы оқылмай жатыр?
1:23:00 2 айда ақша жинап, үй алу механизімі
1:29:11 “Бүгін бізде қонақта” жобасы Медина қаласында
1:32:00 Сахабалардың өмірі қандай болған?
1:42:00 Исламды іздеп келген адам
1:47:37 Күнә істеген сахабаның жазасы
1:52:47 Сахабалардың өміріндегі қызықтары
2:01:00 Ағарту академиясының басты мақсаты
2:10:00 Табысты адам деген кім?

Monday Jan 20, 2025
Данияр Жігітбек: кедей болсаң, балаңның баюы қиын / Narikbi LIVE #110
Monday Jan 20, 2025
Monday Jan 20, 2025
Біздің дәстүрлі Данияр Жігітбекпен жылдық қорытынды подкастымызды қабыл алыңыздар. Өткенді саралап, болашаққа жоспар құрып, түйген ойларымыз бен сабақтарымызды ортаға салдық.
Онлайн математикалық тренажер: https://qalan.kz
Daniyar: https://www.instagram.com/dzhigitbek
Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi
Instagram: https://www.instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://www.tiktok.com/@narikbi.live
Тайм-код:
00:00 Тизер
01:53 Қоғамдағы ең 2 дефицит зат
05:40 Жарты жылдық қорытынды
08:30 4 ай декретте болдым..
15:55 Карантин уақыты қалай өтті?
20:38 30 жастан асқан кісілердің мақсаты қандай?
30:10 Проблемаңды білу және өзіңді қабылдау
37:00 Қазақстанның аяқ баспаған жеріне саяхаттадым..
47:20 Балаға неше жастан бастап бақылаған дұрыс?
53:20 Балаға назар бөлу баладің маңыздылығы
58:20 Ер адамдар неге үйге келіп шаршайды?
1:00:01 Психологиялық тұрғыда ең қиын кезең
1:14:00 Балаға білім беру кімнің мойнында?
1:20:00 Неге жеке меншік мектепте оқытамыз?
1:26:40 Олимпиада сыртқа шығудың жалғыз инструменттің бірі
1:31:30 Болашақ студенттің университет таңдауы
1:36:00 Мемлекеттік жұмыс біліктілігіңді бағаламайды
1:39:00 Черчилльдің өмірлік стратегиясы
1:42:30 2025 жылға жоспар
1:44:29 БЛИЦ!

Friday Dec 06, 2024
Friday Dec 06, 2024
Бүгінгі подкаст қонағы – шығыстанушы, полиглот Арсен Шади мырза. Осыдан 5 жыл бұрын дәл осы подкастта алғаш рет жолыққан Арсен екеуміз бүгін шығыс әлемінің қыр-сырына үңілеміз.
Бұл шығарылымда біз өзекті әрі маңызды сұрақтарды қозғадық:
- Түркияның идеологиясы қандай бағытта дамып жатыр?
- Сауд Арабиясы жаңа саясаты арқылы нені көздейді?
- Иран мен Израиль арасындағы қарым-қатынастардың астарында не жатыр?
- Және ең бастысы – бұл оқиғалар біздің елге қалай әсер етеді?
Шығыс – сан қырлы, әрі күрделі аймақ. Ондағы жағдайларды түсіну арқылы әлемдік процестердің терең мәнін ұғынуға болады. Бұл тақырыпты тек кәсіби маманмен талқылау мүмкіндігі сізге жаңа білім мен терең түсінік сыйлайтынына сенімдіміз.
Онлайн математикалық тренажер: https://qalan.kz
Arsen: https://www.instagram.com/shadi.arsen
Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi
Instagram: https://www.instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://www.tiktok.com/@narikbi.live
00:00 Тизер
02:20 Таныстыру
03:55 Мароккода елшісі болғым келеді
08:00 Арсен Шади деген кім?
09:24 Түркияда білім алу
16:00 Қазіргі Түркияның сипаты
19:00 Түркия еліне саяхаттаушыларға ескерту
21:00 100 жылдық келсім туралы
23:30 Түркияның экономикалық жағдайы
30:00 Түрік халқының ауызбіршілігінің сыры неде?
33:00 Түрік халқының идеялогиясы
44:00 Президенттің құндылығына қарап дауыс беру дұрыс па?
50:40 Түрік халқының исламдағы орны және құндылығы
58:02 Бүгінгі Түркия қауіпсіз ел ме?
1:05:00 Оқуға түсу процессі
1:10:20 Саудия халқы жайлы
1:15:44 Газада болып жатқан конфликт шешіле ме?
1:20:21 Саудияның оңтүстіктегі соғысы
1:26:49 Иранның идеалогиясы қандай?
1:35:00 Иранның ішкі нарығы қандай?
1:39:00 Палестиналық соғыс
1:46:40 Табысты адам деген кім?
1:49:00 Олжас Ханафин туралы
2:00:00 Блиц!


